Экибастұз тау-кен техникалық колледжінде «Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті» республикалық байқауының колледжішілік кезеңі өтуде.
Байқаудың мақсаты: дарынды жастарды қолдау, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және білімдері, дағдылары мен талантының арқасында жетістікке жеткен үздік студенттерді насихаттау.
Байқау 3 кезеңнен тұрады:
– колледжішілік кезең
– аймақтық кезең
– республикалық кезең
Колледжішілік кезеңнің қорытындысы бойынша байқаудың аймақтық кезеңіне 5 студент іріктеліп алынды.
Толық ақпарат алу үшін колледж әдіскерімен хабарласыңыз.