«Қ.Пішембаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі» КМҚК студенттермен және колледж ұжымымен 2026 жылғы 14 мамырда сағат 14:50-де өрт және төтенше жағдайлар туындаған кезде эвакуациялау бойынша практикалық жаттығу өткізілді.
Мыналар орындалды:
– Өрт кезінде дабыл сигналдары мен сауатты іс-қимылдар мен дұрыс жүріп-тұру дағдылары үйретілді;
– Барлық қызметкерлер мен студенттер ғимараттан шығып ашық алаңға жиналды;
– Қауіпсіздік пен төтенше жағдайлардың алдын алудың негізгі жайттарына назар аударылды.