2026 жылғы 20 қазанда Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде Қазақстан Республикасы күніне арналған пневматикалық мылтықтан оқ атудан колледжішілік жарыс өтті. Жарысқа бірінші және екінші курстардың 22 студенті қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша жасөспірімдер арасында орындар келесідей бөлінді:
* 1 орын-Овдин Иоан, 2 курс студенті, ТМ-80 тобы;
* 2 орын-Хузин Наил, 1 курс студенті, ТМ-09/26 тобы;
* 3 — орын-БАЛҒАЙЫР Арлан , ОРПИ-91 тобының студенті.
Қыздар арасында жүлделі орындарға ие болды:
* 1 орын — Филатова Альбина, 1 курс студенті, ЭО-09/26 тобы;
* 2 орын-Решетникова Серафима, 2 курс студенті, ТМ-80 тобы;
* 3 орын-Шнайдер Доминика, 2 курс студенті, ТМ-80 тобы.
Жарысты С. К. Рыспаевтың басшылығымен “Ауғанстан ардагерлерінің Екібастұз одағы” қоғамдық бірлестігінің өкілдері ұйымдастырды. Ұйымға Анатолий Владимирович Кузьмин мен Асқар Мақпекұлы Лаков та қатысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен және грамоталармен марапатталды.















