2026 жылы 21 қазан күні колледжде педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы аясында семинар өткізілді.
«Педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы қағидаларымен және «Ұстаз» платформасының критерийлерімен таныстыру»
Семинар барысында 2026 жылғы 5 маусымдағы № 159-НҚ бұйрықпен бекітілген педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы қағидалары, «Ұстаз» платформасының бағалау критерийлері және колледждің аттестаттау комиссиясы мүшелерінің қызметіне қатысты негізгі мәселелер қарастырылды.
Іс-шараның мақсаты — педагогтерді аттестаттау тәртібімен таныстыру, бағалау критерийлерін түсіндіру және аттестаттау рәсімін ұйымдастыру бойынша бірыңғай түсінікті қалыптастыру.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, аттестаттау үдерісіне қатысты маңызды ақпаратпен танысты.