18.03. по 23.05.2016ж. Актобе қаласында Өзін-өзі тану пәнінен Халықаралық IV Дистанциондық Олимпиада өткізілді. Оның мақсаты: оқушылардың шынайы білім деңгейін анықтау және олардың рухани өсуіне ықпал ету, студенттердің шығармашылық қабілеттерін және ғылыми зерттеу жұмыстарына деген қызығушылықтарын арттыру. Олимпиаданы Ақтөбе қаласының «Халықаралық Экология және Инженерия Ғылым Академиясы» ұйымдастырды.
Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің 10 студенті олимпиадаға қатысты. № 9 топтан Абраев Ерганат, №12 топтан Алшимбаев Равиль – группа, №8 топтан Борисов Денис, №12 топтан Григорьев Виктор, №99 топтан Жетбесбаева Ания, №10 топтан Калидолла Аян, №9 топтан Маратов Диас, №10 топтан, Назымбеков Мади, №11 топтан Социал Нуржан, №1 топтан Шаяхметов Бахтияр, топ жетекшісі – Мухамеджанова Т.М.
Студенттер Олимпиада тапсырмасы бойынша «Компьютер-менің өмірімде», «Сүйікті жазушым», «Әуен», «Есіртке», «Қазіргі таңдағы телеарналар», «Қоршаған ортаны ластау», «Менің студенттік өмірім», «Атақты адамдар» және т.б. тақырыпқа эссе жазды. Жұмыстарды тексеру кезінде студенттердің шығармашылық қабілеттеріне, тапсырманы орындау мәнеріне ерекше көңіл бөлінді.
Халықаралық Олимпиаданың қорытындысы: I санаттты дипломмен Жетбесбаева А., II санатты дипломмен – Калидолла А., Борисов Д., Шаяхметов Б., Социал Н., III санатты дипломмен – Абраев Е., Григорьев В. марапатталды. Олимпиадаға белсенді қатысқаны үшін келесі студенттерге Маратов Д., Назымбеков М., Алшимбаев Р. сертификаттар берілді. Өзін-өзі тану пәнінін оқытушысы Мухамеджанова Т.М. олимпиадаға топты сапалы дайындағаны үшін грамотамен марапатталды.




















