2016 жылы 08 қыркүйекте Павлодар қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Қазақстан халқы тілдерінің XVIII республикалық фестивалі аясында Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы өткізілді. Бұл байқауға біздің колледжден «Токарь» мамандығы бойынша 4топ студенті Амангельдинов Асхат қатысып 1 орынға ие болды, облыстың тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы басшысының 1дәрежелі дипломымен марапатталды.Сондай-ақ облысымыздың намысын қорғау үшін республикалық додаға жолдама алды. (Мұғалімі Р.А.Жумабекова) Колледж әкімшілігі мен студенттерінің атынан Асхатты жеңісімен құттықтаймыз, келешекте шығармашылық шыңдарына жете беріп, әрдайым биіктен көріне беруіне тілектеспіз.

















