Жыл сайын жазғы каникул кезінде біздің колледждің студенттері «Жасыл ел» экологиялық отрядының жұмысына белсене қатысады. Алғашқы әскери дайындық ұйымдастырушы-оқытушысы Н.К.Калыковтың жетекшілігімен жиырма бес студент Екібастұз қаласының әкімі К.Нукеновадан жаңа №36 мектеп-гимназиясының аймағын көріктендіру секілді маңызды және жауапты тапсырма алды. Жаңбырдың жауғаны, сайын дала, қоқысы көп жерлер – біздің жастарға еш қорқыныш тудырған жоқ. Олар қойылған міндеттерді абыроймен атқарып қана қоймай, оны мерзімінен бұрын орындады. Жарайсыңдар, балалар!

 image-07-09-16-12-50-6 image-07-09-16-12-50-9

Сендер сондай тамаша іс-шара – жаңа мектептің ашылуына жеке үлестеріңді қостыңдар!