2022 жылдың 5 мамыр күні Павлодар қаласының оқушылар сарайында «World Skills Павлодар 2022» чемпионатының аймақтық кезеңінің қорытындысы өтті. Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің студенттері 8 құзыреттілікке қатысып, жақсы нәтижелер көрсетті. Павлодар облысы әкімінің орынбасары А.А. Курманова колледждің келесі студенттерін марапаттады:
1. П. Катков – 3 орын, «Электромонтаж» құзыреттілігі;
2. Т. Сайлаубек – «Үздік маман» медалі -«Дәнекерлеу технологиясы»;
3. М. Кусаинов – «Үздік маман» медалі -«Токарлық станоктарда металл конструкцияларын өндіру» құзыреттілігі;
4. В. Мазурин – «Үздік маман» медалі-«Слесарлық іс» құзыреттілігі;
5. Т.Олжабай –«Үздік маман» медалі – «Локомотивті басқару» құзыреттілігі;
6.Н.Темиршотов –«Үздік маман» медалі – «СББ станоктарындағы токарлық жұмыстар» құзыреттілігі.
Қатысушыларға сертификаттар мен Алғыс хаттар табысталды. Конкурсты ұйымдастырушылар жүлдегерлерге мотивациялық, қаржылық қолдау қарастырды.
Конкурс жүлдегерлері мен олардың жетекшілері В.А.Валяр, Ж.Б.Иманкулова, Б.К.Ергалиев, Е.Т.Касымов, Н.С.Сабденбеков, М.У.Мурзаханованы жеңістерімен құттықтаймыз!

Басшының ОӨЖ жөніндегі орынбасары: С.С.Аубакирова