Бітіру кеші – әрбір адамның әрине, оқу орнының өміріндегі маңызды оқиға. 2022 жылдың 29 маусымында колледжде «Сәт сапар, түлектер!» атты бітіру кеші өтті. Барлығы 111 оқушы өмірге қадам басты.
Салтанатты іс-шараға қонақтар: «TAYLOR-S» ЖШС директорының орынбасары Игнатенко Наталья Александровна, жеке кәсіпкер Асылым Айтмановна Тілеукенова, ата-аналар қатысты.
Диплом табыстау – бұл кеше студент, ал қазір түлектің өміріндегі ең қызықты оқиғалардың бірі. Бұл үш-төрт жылдық оқу барысында барлығы күткен ең жарқын және ең салтанатты аккорд.
Диплом табыстау салтанаты мерекелік жағдайда өтті. Колледж басшысы Ақатаев Талгат Кабдешович, басшының оқу өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Аубакирова Сауле Сембаевна құттықтау сөз сөйлеп, түлектерге: «Бүгінгі таңда талантты, жігерлі, білімді, өзіне сенетін азаматтардың заманы. Арманы биік және осы арманды жүзеге асыруға ерік-жігері бар. Осымен тоқтамай, кәсіби қызметіңізді дамытып, жетілдіре беруіңізге тілектеспіз. Біз сіздермен мақтанамыз!
Колледж қонақтары Наталья Александровна және Асылым Айтманқызы түлектердің лайықты мамандық таңдағанын, тек қаламызда ғана емес, Қазақстанның басқа қалаларында да сұранысқа ие болатынын атап өтті. Ұстаздар мен өндірістік оқыту шеберлері түлектеріне табыс, сәттілік, тек алға ұмтылуларын тіледі.
Сонымен қатар, түлектерді ата-аналары да құттықтады. Кешегі студенттер жаңа әлемге есік ашып, бір-бір маман иесі атанды!
Колледж түлектері әкімшілікке, оқытушыларға, кураторлар мен өндірістік оқыту шеберлеріне, колледж қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.
Үздік түлектердің ата-аналарына Алғыс хаттар табыс етілді. Іс-шара соңында барлығы естелікке фотосуреттерге түсті.