2023 жылғы 23 қаңтарда Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжіндінің өндірістік корпусында ТЖ салдарынан туындаған жұмыстары аяқталды. Қалалық ЖЭО апатына байланысты жылыту батареялары жарылды. Көмек көрсету үшін колледждің әлеуметтік серіктесі «Еуроазиялық энергетикалық корпорация» АҚ «Восточный» разрезі келді. Разрездің жөндеу бригадасының қажырлы еңбегінің нәтижесінде өндірістік корпусты жылумен жабдықтау қалпына келтірілді. Жұмысты қабылдау кезінде колледж басшысы Т.К.Акатаев жұмыс бригадаларына зор алғысын білдіріп, Ж.Т. Биляловқа, В.А. Кива, К.И.Тажмагамбетовке, Ю.И. Мисевке, С.С. Вальтерге, Р.Р. Габдрахмановқа, Е.Б.Сакен, Б.С.Абдыкаримовке, А.П. Тамаргалиевке, Т.К. Оспановқа, Т.М.Жаксыбаевқа алғыс хаттар табыс етті.
Инженерлік-педагогикалық ұжым, студенттер, ата-аналар жоғары кәсібилігі, барлық қызметкерлерге жауапкершілігі үшін ризашылығы мен құрметін білдіріп, мықты денсаулық, бақыт және де жұмыстарының өркендеуін тіледі!