2023ж.қаңтардың 24 күні біздің колледжде өндірістік-оқыту шеберлері мен кураторлардың отырысы өтті.
Мақсаты: тәрбие жүйесінің сапасы мен тиімділігін арттыру, тәрбие нысандары мен әдістерін жетілдіру.
ӘБ жетекшісі М. Ж. Исенова “Тәрбие жұмысын жоспарлаудың заманауи тәсілі” тақырыбындағы презентациямен аудиторияны таныстырып,әр педагог өз ойымен бөлісті.
Колледж кітапханашысы Кожемяк Ольга Викторовна “Кураторға, шеберге көмек” тақырыбындағы әдебиеттер тізімін ұсынды.
Отырыс аяғында колледж психологы Мухамеджанова Тоты Мухамеджановна позитивті,көңілді тренинг өткізді.
Куратордың міндеті – сан алуан. Куратор- әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғыза білуі керек.