«Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі» КМҚК «Альянс колледждері және ERG» пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде «Восточный» кеніші «Еуроазиялық энергетикалық корпорациясы» АҚ өкілдерімен студенттердің кездесуі өтті. Кадрлар жөніндегі үйлестіруші-Е.В. Дягель түлектерді жұмысқа орналастыру үшін бос орындар туралы ақпарат берді. Студенттерге Компанияның құрылымдық бөлімшелері бойынша бейне экскурсия, сондай-ақ бүгінгі таңда «Шығыс» бөлімі қалай жұмыс істейтіні туралы бейнефильм ұсынылды.
Кеніш жастар бірлестігінің мүшелері компанияда еңбек жолын қалай бастағандары, жастарды қолдауға арналған әлеуметтік жобалар туралы айтып, жүлделі викториналық сұрақтар қойылды.
Кездесу барысында студенттер ақылы тәжірибе, компанияның атаулы шәкіртақысы және арнайы киімдерді ұсыну сияқты мәселелерді көтерді.