2023 жылғы 14 наурызда бүкіл ел бойынша «Таза табиғат» республикалық акциясы басталды.
Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде студенттер Наурыз мейрамына арналған акцияға белсенді қатысты. 49-топ студенттері компьютерлік сыныпты тазалап, № 46 және 45 топ колледж фойесіне гүл отырғызды, 51 және 50-топтар өндірістік корпус аумағындағы қоқыстарды тазартты, сондай-ақ акцияға 48 топ және 55 топ студенттердің ата-аналары қатысты. Наурыз мереке ғана емес, тазалық пен жаңарудың символы. Ежелгі заманнан бері қар еріген бойда қазақтар өз үйлерін тазалап, көшеттер отырғызып, бұлақтарды ашты. Наурыз-тазалық пен экологияға қамқорлық мерекесі.
«Таза табиғат» акциясы үлкен тәрбиелік және экологиялық мағынаға ие болды. Осы акцияның арқасында жас ұрпаққа қоршаған орта экологиясына қамқорлық пен жауапкершілік сезімін оятты.