«Жетім көрсең, жебей жүр», бұл сөз әрбір қазақстандық азаматтың санасында болуы тиіс. 2023 жылдың 15 наурызында «Дарын» студенттік кеңесі мен оқытушылар құрамы Е.Т.Қасымов, Н.С.Сабденбеков, Б.К.Ергалиев, Ж. К. Бейсенов, К. Асель, «Дарын» студенттік кеңесімен өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына барып, балаларға іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шара мақсаты-балаларды Наурыз мерекесімен құттықтау, оларға көңіл бөлу, балаларға адамгершілік, рухани тәрбие мен патриотизмге баулу. Балалар арқан тарту жарыстарына, асық ойынына қатысып, жұмбақтар шешіп, тәтті сыйлықтар алды, сонымен қатар колледж студенттері Кристина мен Муслим «Таза табиғат» акциясына қатысты.
Өткізілген іс-шара балалар үйіндегі балаларға көңіл бөлу мен қамқорлық көрсетуден тұрды.
Іс-шара аяқталғаннан кейін тәттілер таратылып, естелікке фотосуретке түсірілді.