Колледж басшысының ОТЖ жөніндегі орынбасары Г.Садыкова № 55 «ЭМ» тобында ақпараттық сағат өткізілді, мақсаты жасөспірімдердің жыныстық тәрбиесіне дұрыс көзқарастың қажеттілігін анықтау.
Біздің қарбалас дәуірімізде жастар уақытпен бірге жүруге тырысады. Жақын қарым – қатынас саласы көбінесе тыйым салынған тақырып болып табылады, ата-аналар бұл тақырыпта сөйлеспеуді жөн көреді, ал бала көбінесе өз проблемаларымен жалғыз қалады. Дұрыс жыныстық тәрбие үлгілері қандай салаларға әсер ететіні қарастырылды.
Іс-шара ойын түрінде өтті, Студенттер «отбасылық жұптарға» бөлінді, қатысушылар үшін отбасы тәрбиесі туралы жеке сөздерге бөлінген конверттер дайындалды. Студенттерге сөздер салынған конвертті тарту ұсынылды, сөздерді отбасы немесе тәрбие туралы мәлімдеме жасау үшін қосу керек, оны қатысушыларға оқып, бір-бірімен кеңесіп, түсініктеме беру керек, отбасы ішіндегі мәселені талқылауға уақыт беріледі, сонымен қатар студенттер ситуациялық мәселелерді шешіп, презентацияны қарады.