2023 жылғы 30 наурыз күні Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің базасында қала оқушылары арасында «Электромонтаж» құзыреттілігі бойынша «World Skills Juniors» Екібастұз қалалық чемпионаты өтті. Байқауға № 5, 6, 7, 9, 10,17,33 мектеп оқушылары қатысты.
Байқаудың негізгі мақсаты: оқушылардың кәсіби бағдарлануы, жұмысшы мамандығын дәріптеу, талантты жастарды анықтау және көтермелеу. Байқауға қатысушылар үш модуль бойынша жұмыс жасады: «жұмыс орнындағы қауіпсіздік техникасы»; сұлба сызбасы, электр тізбегін құрастыру және қосу»; «Ом заңын тәжірибелік тексеру». Қазылар алқасы колледждінің әлеуметтік серіктесі «ЕЭК» АҚ «Шығыс» кеніші өкілдері болды.
Байқаудың нәтижелері бойынша:
№10 ЖОББ мектеп оқушысы Бочегова Яна Вячеславовна Гран-приге ие болды, мұғалімі Карабаева Аймангуль Зейнуровна;
1 орын-Солнцев Артём Сергеевич -№7 гимназия-мектебі, мұғалімі Омарова Роза Айтышевна;
2 орын- Назаренко Владимир Алексеевич – №6 гимназия-мектебі, мұғалімі Шонова Айжан Сейфуллаевна;
3 орын-Болдашевский Владимир Андреевич–№5 жалпы орта білім беру мектебі, мұғалімі Сембаева Кымбат Бауржановна.
Барлық қатысушыларға сертификаттар, дипломдар, бағалы сыйлықтар, мұғалімдерге алғыс хаттар табыс етілді. Қатысушыларға колледж бойынша экскурсия өткізіліп, студенттердің жұмыстарының көрмесі, үгіт-насихат бригадасы сөз сөйлеп, буклеттер таратылды.