2023 жылғы 08 сәуір күні «Рухани жанғыру және Туған жер» бағдарламасы аясында «Токарь» мамандығы №50 топ студенттері, топ кураторы Каримова Динара Сансызбаевна және ата-ана комитеті МәшҺүр Жүсіп кесенесіне саяхатқа барды.
Экскурсовод студенттерге Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі жайлы айтып берді, оның өмірі аңыздармен көмкерілген: ол теолог, діни философ, көріпкел болған Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің ұрпақтары ағарту ғылыми жолдарға түсіп, бүкіл өмірін атасының еңбектерін зерттеуге арнады.
Дөңесте орналасқан кесенеге баспалдақтар алып барады. Баспалдақ алты аралықтан және Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ғұмыр жасын бейнелейтін 73 сатыдан тұрады.
Кесененің жанында Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының музейі орналасқан, онда философ бабамыздың өзі қолданған бірегей заттары қойылған.
Студенттер мен ата-аналар сапарға риза болып, Мәшһүр ата кесенесі мен мұражайын көріп үлкен әсерде болды.
Бүгінгі таңда «Киелі Қазақстан» бағдарламасын іске асыру жағдайында осы кісінің есімі Қазақстанның киелі картасында өз орнын алуға лайық.