01.12.2023 жылы колледждің барлық топтарында “Президент күні”тақырыбында сынып сағаттары өтті. Мақсаты: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін қалыптастырудағы Президенттің рөлін ашу; қазақстандық патриотизмді, бейбітшілікке деген сүйіспеншілікті, жалпыұлттық келісімді және студенттер арасында белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру.
Сынып сағаты барысында студенттер Президенттің елдің дамуы мен әл-ауқатындағы рөлі туралы, Қазақстан Парламенті туралы білімдерін кеңейтті, Отанға деген патриоттық сезімдер, белсенді азаматтық ұстанымды қалай сақтау керектігі, Отан тарихына деген қызығушылықты арттыру және өздерінің көшбасшылық қасиеттерін дамыту туралы айтты.
Сынып сағаты барысында Қазақстан туралы викториналар, пікірталастар, тұсаукесерлер, кітаптар көрмесі пайдаланылды.