29.11.2023 жылы “Өнер” МДК – да “Студенттердің қалалық балы-2023” байқауы өтті. Іс-шараның мақсаты: дарынды студенттерді анықтау және көшбасшылық қасиеттерін дамыту.
Біздің колледжден 2 жұп қатысты: Пух Павел-Шатаева Сабина және Жақиянов Адай-Тулухаджаева Арина.
Конкурстың шарттары: визит карточкасын (сәлемдесу), “Күзгі көңіл-күй” шығармашылық конкурсын (миниатюра, би, ән, көрініс және т.б.) және “Күзгі бейне сәлем” конкурсын (күлкілі тақырыпта) дайындау болды. 1 орын алған қатысушыларға “Студенттік қалалық балдың Патшасы мен Патшайымы” атағы және 30 мың сыйлық берілді. Сондай-ақ, іс-шараға қатысушылардың барлығының киім дресс кодына ерекше назар аударылды.
Колледж студенттері бұл шараға мұқият дайындалып, тиісті орындарға ие болды. Біздің студенттер Пух Павел мен Шатаева Сабина үшінші орын үшін 15 мың теңге сомасында дипломдар мен ақшалай сыйлық алды. Жакиянов Адай-Тулухаджаева Арина қатысқаны үшін дипломмен және 10 мың ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Студенттерімізді құттықтаймыз!