2023 жылғы 1 желтоқсан күні Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау – кен техникалық колледжінің кітапханасында «Қазақстан-құқықтық мемлекет» атты Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Қазақстан Республикасының маңызды құқықтық құжаттары туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде әдебиеттер ұсынылған.
Іс-шараның мақсаты: қазақстандық патриотизмге, ел тарихы мен заңдарына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Кітапханашы О.В. Кожемяк №65 топ студенттеріне арналған кітап көрмесінен әдебиеттерге шолу жасады. Ол Қазақстан азаматтарының құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін басты құжат Конституция екенін айтты. ҚР Конституциясының ең жоғары заңды күші бар: барлық заңдар, Президент жарлықтары, Үкімет қаулылары оның нормаларына негізделеді.
Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет болып табылады, оның ең жоғары құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады. ҚР Президенттік басқару нысаны бар біртұтас мемлекет болып табылады. Қазақстанның әрбір азаматы өз елінің заңдарын орындауға міндетті.