2023 жылғы 29 қарашада “Богатырь Көмір” ЖШС конференц – залында персонал және әлеуметтік мәселелер жөніндегі директор А.К. Макенов бастаған жұмыс тобының отырысы өтті, онда компанияның атаулы стипендиясын Қ.Пшенбаев атындағы Екібастұз тау –кен техникалық колледжінің үздік студенттеріне беру туралы мәселе қаралды. Отырысқа колледжді бітіргеннен кейін оларды жұмысқа орналастыру үшін бос орындар бар учаскелердің мамандары – бастықтары шақырылды. “Богатырь Көмір” ЖШС кадрлар бөлімінің бастығы О. В. Новикова атап өткендей, бүгінгі таңда осы әлеуметтік бағдарламаға қатысқан тау –кен техникалық колледжінің 55түлегі компанияда табысты жұмыс істеуде. Барлық үміткерлер сұхбаттасып, тіпті өндірушілердің сұрақтарына жауап бере отырып, шағын емтихан тапсырды. Нәтижесінде жұмыс комиссиясының шешімі бойынша компанияның атаулы стипендиясын осы оқу жылында 13 колледж студенті алатын болады.