2023 жылғы 5 желтоқсанда Абай облысы білім басқармасының «Геологиялық барлау колледжі” КМҚК бұрғылау пәндік-циклдік комиссиясының педагогтары, ОӘБ бейінді колледждерінің және Қазақстанның басқа да облыстарының педагогтарына арналған республикалық панельдік дискуссия ұйымдастырды.
Панельдік дискуссия мақсаты: бұрғылау процесінде өзекті мәселелерді шешу шеңберінде «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» бағыты бойынша ОӘБ бейінді колледждерінің тәжірибесін тарату.
Панельдік дискуссия зум форматында өткізілді, онда «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушылары өз тәжірибелерімен бөлісті.
«Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы Кожанова Толкын Кайркешовна «Қатты пайдалы қазбаларды игеру кезінде ұңғымаларды бұрғылау әдістері» тақырыбында өзінің педагогикалық тәжірибесімен бөлісті.
Панельдік дискуссия қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға Абай облысы білім басқармасы атынан сертификаттар табысталды.