Студенттер күні қарсаңында” ЕЭК ” АҚ “Восточный” разрез кеңсесінде Қ.Пшенбаев атындағы Екібастұз тау–кен техникалық колледжінің басшысы Т. К. Акатаев бастаған делегациясын қабылдау өтті.
Салтанатты жағдайда «Восточный» директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Р. А. Мамаджанов “ERG үздік педагогы” корпоративтік конкурсының жеңімпаздары – А. М. Умарова және “ERG үздік студенттері” -Н. Четвериков, Д. Қурманшаров, Ж.Муканға сертификаттар табыс етті.
Сонымен қатар, бұл студенттер компанияның атаулы стипендиясын алады, оларға колледжді бітіргеннен кейін жұмысқа орналасуға кепілдік беріледі.
Арнайы пәндер оқытушысы А. М. Умарова ” Альянс колледждер және ERG” жобасын іске асыру шеңберінде “ERG”компаниясының көмегімен Еуропада халықаралық тағылымдамадан өтеді.