2023 жылғы 8 желтоқсан сағат 16.00-де «Тәрбие алаңы» жобалық офисінің Instagram әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфир өткізілді.
Тікелей эфирге Қ.Пішенбаев атындағы тау-кен-техникалық колледжі студенттерінің ата-аналары мен топ кураторлары мен ӨО мастерлері де қатысты.
Тікелей эфир барысында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік республикалық акция» тақырыбында Балалары бар әйелдерге арналған орталықтың басшысы А.С. Ильясова және «Агрессия. Бұл не және онымен қалай күресуге боладыв?» тақырыбында жобалық кеңестің психологы В.Ю. Бахтина сөз сөйлеп, тікелей эфирдегі қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Ата-аналар өз сұрақтарына жауап қана алмай, өз тараптарынан ұсыныстар да білдірді.