28 желтоқсан күні колледжде әріптестерге, студенттерге арналған жаңа жылдық кеш өтті. Мерекелік шара колледж басшысы Т.К.Акатаевтың құттықтауымен ашылды. Қатысушыларды келе жатқан жаңа жылмен құттықтап, колледж өміріне белсене қатысқан студенттерді грамоталармен марапаттады.
Көрермендер мерекелік атмосфераны сезініп, қызықты байқаулар мен ойындарға қатысты.
Көңілді музыка, жақсы көңіл-күй, аяз ата мен ақшақардың құттықтаулары мерекенің барлық қатысушыларына жыл бойына сергектік пен қуат берді. Жаңа жылдық мереке барлық қатысушыларға көңілді және қуаныш сезімін сыйлады.
Мереке соңында би кеші өтті.