2024 жылғы 5 қантар күні колледж студенттері арасында психолог Т.Мухамеджанова суицидтік ниеттердің алдын алу бойынша іс-шара өткізді. Мақсаты: жасөспірім арасында өмірлік тұрақты ұстанымдарды қалыптастыру; өнімді ойлау мен талдауды белсендіру; студенттердің коммуникативтік дағдыларын дамыту.
Іс-шара барысында қатысушылар мынадай шешімге келді: табиғат әрқайсымызға баға жетпес өмір сыйлады! Ол адамды бақытты ету үшін бәрін жасады. Ағаштарды, жарқын күнді, таза суды, құнарлық топырақты. Және бізді – адамдарды – күшті, әдемі, ақылға қонымды қылдырып. Кейде өмірде бәрі жаман болып көрінетін жағдайлар болады. Көп сәтсіздіктер болады, сені ешкім түсінбейтін сияқты, ешкімге керегін жоқ сияқты, үйде де, оқу орнында да …
Дегенмен, бір сөз тіркесімен қаранғы ойларыңды тоқтат: «Мен бұл тұйық шеңберді бұза аламын!» деп. Есіңде болсын: үмітсіз жағдайлар жоқ! Тек сен әлі қалай шығуды көрмейсін. Икемді бол, бұл жағдайды қалай өзгерткін келетінін арманда. Сүргін келетін өмірді жақсырақ анық елестетуге тырыс. «Өмір өзгеру үшін не істеу керек?» деген сұраққа жауап беруге тырыс.
Сен жалғыз емессін! Саған көмектесе алатын адам әрқашан табылады. Есіңізде болсын; әр адамға табиғат көптеген таланттар берген. Оларды өзіңнің бойыңнан аш! Егер қиын болса психологқа хабарлас, ол көмек бере алады. Өмір сүру тамаша!