2024 жылдың 3 сәуірінде Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің кітапханасында атақты кен барлаушысы Қосымның мерейтойына арналған №55 топ студенттерімен «Кен барлаушы Қосым Пшенбаев 180 жаста» атты тарихи квест ұйымдастырылды.
Студенттер Қосым Пшенбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтарға дұрыс жауап іздеп, «Әйгілі кентаушы Қосым ата – 180 жаста» тақырыбындағы кітап көрмесіндегі кітаптарды, мақалаларды, фотосуреттерді пайдаланды.
Ойынға қатысушылар Екібастұз көмір кен орнының тарихы мен
1994 жылдан бері біздің колледж есімімен аталып келе жатқан алғашқы кен білгірі Қосым Пішенбаевтың өміріндегі қызықты оқиғалармен танысып,өз пікірлерін ортаға салып,ойларымен бөлісті.