Екібастұз қаласының №26 сәбилер бақшасында Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің педагогтары ұйымдастырған «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша «Baby Skills» пилоттық жобасы бойынша байқау өтті. Екібастұз қаласының №8 және №26 сәбилер бақшаларының тәрбиеленушілері «Үздік сәнгер» атағы үшін күресті.
Байқауға қатысушылар қазылар алқасына бейнепрезентация ұсынып, өздері, отбасы және балабақша туралы айтып, қуыршақтарының дизайнерлік киімдерін, қазақ ұлттық киімдерінің түрлі нұсқаларын сәтті қорғап, өз қолдарымен тігілген киіз үйді ою-өрнекпен безендірді.
Байқау барысында қатысушылар тігін құралдарын меңгерудің практикалық дағдыларын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар өздерінің логикасы арқылы текшелерден музыкалық аспаптарды жинап, моншақтардан білезік жасады. Байқауға қатысушыларды қолдау мақсатында № 26 сәбилер бақшаның әншілері мен бишілері және Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің студенттері флешмоб биледі.
№26 сәбилер бақшасының тәрбиеленушісі Кенжебай Айнұр жеңімпаз атанды, №8 сәбилер бақшасының қатысушылары Кайржанова Айжазира мен Токаева Медина 2 және 3 орындарға ие болды. Байқауды ұйымдастырушылар жеңімпаздарды медальдармен және дипломдармен марапаттады, қалған қатысушылар сертификат алды. Барлық қатысушыларға колледж өкілдері естелік ретінде жұмсақ ойыншықтар сыйлады.
Колледж басшысы Т.Акатаев балабақша басшылығы мен тәрбиешілеріне алғыс хаттар мен сертификат табыс етті.
Екібастұз қалалық білім бөлімінің мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру секторының бас маманы Ф.Т.Арымбекова болашақта мұндай конкурстарды қалалық деңгейде өткізу қажеттігін атап өтті.
Конкурсты қорытындылай келе, басшының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары С.С.Аубакирова жоба мектеп жасына дейінгі балаларды ерте кәсіптік бағдар беру, әртүрлі кәсіптер мен қызмет салаларында алғашқы дағдыларды қалыптастыру мақсатында бүкіл әлем бойынша іске асырылып жатқанын атап өтті.
«Baby Skills»- балалардың коммуникативтік, ұйымдастырушылық, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға ықпал ететін кәсіби дайындық.