18.04.2024 ж. «Қ.Пшенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі» КМҚК-ның № 63 және № 64 топ студенттерімен қаламыздың құрметті тұрғыны болған, «Богатырь» кенішінің бірінші директоры Станислав Павлович Куржейдің 100 жылдығына арналған «Қаламыздың көрнекті тұлғалары» атты Екібастұз қаласының тарихына экскурсия ұйымдастырылды. Кітапханашы Кожемяк О.В. атақты кенші, Социалистік Еңбек Ері Станислав Павлович Куржейдің өмірі мен қызметі туралы әңгімеледі. Студенттер оның қарапайым кеншіден әлемдегі ең ірі көмір кенішінің талантты басшыға дейінгі еңбек жолымен таныс болды.
Студенттерге экскурсия барысында «Бір тағдыр» бейнебаяны көрсетілді. Бейнебаянда С.П.Куржей өмірі мен қаламыздың арасындағы тығыз байланыс бейнеленген. Станислав Павлович Екібастұз қаласының белсенді, іскер азаматы болды. Оның белсенді қатысуымен қаланың емханасы мен музыкалық мектеп салынды. Студенттерге көрмеден Екібастұз қаласының тарихы мен осы қалаға өмірінің соңына дейін адал қызмет атқарған құрметті азаматы С.П.Куржейдің қызметі туралы кітаптар ұсынылды.