Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Менің Қазақстаным» бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер бойынша облыстық шығармашылық жұмыстарының конкурсына 300-ден астам колледж оқытушылары, жалпы білім беретін мектептердің, қосымша және мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің педагогтері қатысты.
Байқаудың мақсаты: Педагогтердің шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға жағдай жасау, ең дарынды және ерекше таланттарды анықтау және қолдау.
Қатысушылар өз жұмыстарында Қазақстан Республикасының заманауи даму кезеңі мен тарихи оқиғаларын көрсете білді.
Аталмыш конкурсқа Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің келесі педагогтері қатысты: Копежанова Жадыра Файзоллиновна, Иманкулова Жамила Байтусыновна, Каламбаев Арман Серикович, Усембаева Ляззат Каратаевна, Опабекова Гульмира Жанболатовна, Касымов Ертай Тлеужанович 3- орын иегелері атанды.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!