2023 жылғы 11 желтоқсанда Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау – кен техникалық колледжінің кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында №61 топ студенттерімен танымал қазақстандық жазушы, аудармашы, педагог Хамза Есенжановтың 115 жылдығына арналған «Отан тарихы әдебиеттерде» атты әдеби сағат өткізілді.
Кітапханашы О.В.Кожемяк «Ақжайық аңсаған азамат» көрмесінен жазушы Х.Есенжановтың «Ақ жайық» атты романын ұсынды. Автор осы оқиғалардың замандасы, романда тарихи құжаттар мен фактілерді қолданған. Кітапханашы студенттерге жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы айтты. Содан кейін барлығы «Жазушы Хамза Есенжанов» бейнебаянын көріп, студенттер жазушының өмірінен қызықты фактілер білді.