2023 жылдың 7 желтоқсанында «Павлодар техникалық сервис колледжі» ШЖҚ КМК-да Ш. Құдайбердіұлының 165 жылдығына арналған «Бостандық таңы атты» атты облыстық Шәкәрім оқулары өтті. Шараға қатысушылар, Павлодар облысының мемлекеттік және мемлекеттік емес колледждерінің 48 студенттері «Өлеңнің сыры» Шәкәрім Құдайбердіұлының бес өлеңін жатқа оқу, «Ш. Құдайбердіұлы және философия», «Викторина сұрақтарына жауап беру» сияқты бағыттар бойынша өз өнерлерін көрсетті.
Конкурсқа біздің колледждің 1 курс студенттері Рапық Исламбек (N61 топ, оқытушысы- Жұмабекова Р. А.) және Айтқали Бексұлтан (N63топ,оқытушысы- Махметова С.Т.) қатысты. Бексұлтан мен Исламбек бар өнерлерін ортаға салып, викториналардың сұрақтарына мүдірмей жауап берді. Конкурстың қорытындысында Рапық Исламбек және Айтқали Бексұлтан сертификатқа ие болды.
Бұл 1 курс студенттерінің алғашқы жоғары деңгейдегі жарысы болды.
Құттықтаймыз! Білімнің биік шыңдарынан көріне беріңіздер!