2023 жылғы 15 желтоқсанда Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі кітапханасында №60 топ студенттерімен және тарих пәнінің оқытушысы Т.А.Булькендикованың қатысуымен «Тәуелсіз Қазақстан» тарихи викторина өткізілді.
Кітапханашы О.В.Кожемяк студенттерді Тәуелсіздік күнімен құттықтап, «Тәуелсіздік Рәміздері» презентациясымен бірге тарихи викторина өткізді. Студенттер іс-шараға белсенді қатысып, Қазақстан тарихын жақсы білетіндіктерін көрсетті. Олар «ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң қай жылы қабылданды?», «1991 жылы Қазақстанда тағы қандай маңызды оқиғалар болды?», «ҚР Мемлекеттік рәміздері қашан қабылданды?», «Олардың авторлары кім?», «Қазақстанның Тәуелсіздік монументі қай қалада орналасқан?» және тағы басқа сұрақтарға жауап берді. Іс-шара қатысушыларына кітапханашы сыйлықтар табыстады.