2023 жылдың 18 желтоқсаны күні Екібастұз қаласы «Мaxi mall» сауда ойын-сауық орталығында орналасқан «Шаңырақ» мейрамханасында «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен алғаш рет «АДАЛ АЗАМАТ: КРЕАТИВТІ ЖАСТАР» атты жастар форумы өткізілді. Бұл іс-шараға біздің колледжіміздің студенттік коммитет мүшелері, басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының м.а. М.К. Кусаинова және жастармен жұмыс жөніндегі инспектор А.К. Смаилова қатысты.
Біздің колледжіміздің психологы Т.М. Мухамеджанова қала жастарының азаматтық белсенділігін арттырып, қабілеті мен шығармашылық әлеуетін шыңдауға қосқан үлесі үшін Екібастұз қаласы әкімінің орынбасарының алғыс хатымен марапатталды.
Осы іс-шарадан кейін колледжімізде белсенді студенттер қатары жаңа студенттермен толысады деген үміттеміз. Жастарымыз тек жақсы жағынан көріне берсін!