2023 жылдың 27 желтоқсанында Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің кітапханасында «Бір колледж – Бір кітап. Один колледж – Одна книга» акциясы аясында №63 топ студенттерімен Б.Момышұлының туғанына 113 жыл өткеніне орай «Бауыржан Момышұлы кітаптарын оқу» атты жазушының шығармаларына арналған талқылау өтті.
Кітапханашы Кожемяк О.В. Ұлы Отан соғысының батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының шығармашылығына тоқталып, «Мәскеу шайқасы» презентациясымен таныстырды. Әңгімелесу барысында студенттер соғыс тарихынан және генерал И.В.Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясының құрамында Б.Момышұлы батальонының Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысуы туралы мағлұмат алды.
Топ студенттері, Михаил Глебов пен Родион Трунтов, балаларға Б.Момышұлының шығармаларынан оқып шыққан әңгімелерін айтып берді. Оқушылар «Бауыржан Момышұлы» фильмінен үзінділерді қызығушылықпен тамашалады.